Денеге сурет салғызу, пирсинг, ерекше көрінудің басқа да тәсілдері көпшілік үшін адамның даралығын көрсететін белгіге айналғалы қашан. Ал жұмыс берушілердің қызметкерлер бодимодификациясына деген көзқарасы айтарлықтай өзгерді. Бірақ денедегі суреттерді көрсетуге болмайтын сала түрлері бар, әйтпесе бастығыңыздың көзіне жаман түсіп не жұмысыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. HeadHunter мамандары қай салада ұялмай, татуировкамен жүруге болатынын, ал қай салада қатаң ережелерді ұстанған дұрыс екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.