1 шілдеден бастап қазақстандық курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді. Мұндай пилоттық жобаны Қаржы министрлігі дайындаған. Ведомство өкілі бұл жобаға барлығы қатыса бермейтінін, тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылады. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табыстың 1 пайызын алады