Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевтен бір топ адам миллиондаған қаражатты қайтара алмай жүр. Бизнес бастап, оның қыр-сырын үйретемін деп уәде еткен коуч ақшаны алғаннан соң хабарсыз кеткен. Осылайша жарнамасы жер жарған, құны 10 миллион тұратын тренингтері өтпеген. Ең сорақасы, тренингте ойнатылған құнды автокөлікте иесі берілмеген. "Көреміз" бағдарламасына Аманжол Рысмендиевтің тренингіне қатысқандар көмек сұрап келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.