Елімізде букмекерлік кеңседе ақша тігемін деп қарызға белшесінен батып, артынша қайғылы оқиға болған деректер де бар. Алайда лудомания деп аталатын қауіпті дерттен арылып, емделгендер де бар. Соның бірі 10 жыл бойы ойынға ақша тіккен Марат (есімі өтініші бойынша өзгертілді). Ол Massaget.kz тілшісіне букмекерлік кеңселерге алғаш қалай бас сұғып кеткенін, одан қалай арылғанын әңгімелеп берді.