Шығыс Қазақстан облысының тумасы Жанарбек Қазезұлы ұлттық өнерді ұлықтап, киелі аспап жасауды кәсіпке айналдырған. Бірақ оның ерекшелігі де жоқ емес. Шебер екіжақты домбыралар жасайды. Жанарбектің мектепте оқитын ұлы да әке жолын қуған. Ол да домбыра жасаумен айналысады