16 мың теңге айыппұлмен құтылған. Әйелі мен баласы кемтар болып қалған Түркістан облысының тұрғыны дәрігерлерге жеңіл жаза кесілгеніне наразы. Аудандық аурухана дәрігерлерінің қателігінен сал ауруына шалдыққан сәби қазір өздігінен жүріп-тұра алмайды. Ешқандай дыбысқа да елең етпейді. Баланың анасы да дәретін ұстай алмайтын күйге жеткен. Қателіктің дәрігерлерден кеткені сот да дәлелденіпті.