Қызылорда облысынан шығатын “Қазалы” кәмпиті күріш пен балық сияқты трендтегі базарлық қатарында. Жарты ғасырлық тарихы бар өндіріс 90-жылдар тоқырауында тоқтап қалған еді. 2012 жылы оған жергілікті жас кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов қайтадан жан бітірді. Massaget.kz тілшісімен сұхбатта ол облыс брендінің тарихы, кәсіпті жандандырудағы қиындықтар туралы айтып берді.