Түркістанда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Балалардың игілігі үшін" гала-концерті өтті. Биыл Соңғы қоңырау мен Балалар күні бірге тойланып жатқандықтан, салтанатты жиында халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. 15 оқушыға облыс әкімінің Алғыс хаты мен 200 мың теңге сертификаты табысталды