Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда бірқатар адамды марапаттады. Олардың арасында "Қазақстанның Еңбек Ері", "Қазақстанның халық әртісі", "Еңбек сіңірген қайраткер" атағын алғандар болды. Massaget.kz тілшісі атақ, орден, медаль алғандарға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын, қанша сыйақы берілетінін анықтады.