40 жылдан аса уақыт қара жолдың бойында табан аудармай еңбек етіп келе жатқан, Көкпектідегі "Қазавтожол" ЖШС-іне қарасты №29 жол пайдалануға беру телімінің (ДЭУ) басшысы Гүлдерай Мұхамадиеваны Абай облысындағы такси жүргізушінің бәрі таниды. Massaget.kz тілшісі 8 наурыз мерекесінде еңбегімен ел құрметіне бөленген жанмен сұхбаттасты.