Күн сайын адамшошырлық оқиға, статистика тіркеліп жатыр. Қазақстанның бір түкпірінде бес жасар қыз зорлықтың құрбаны болса, енді бір түкпірінде үш жасар қыз педофилдің құрбанына айналды. Бала кезінде дәл осындай жағдайға тап болғандардың бірі - Ләззат Ракишева. Massaget.kz тілшісі Ләззатпен сұхбаттасып, қоғамдағы ауыр дерт, оның басынан өткен жағдай туралы сұрады.