Бүгінде бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгерумен қатар, еліміздің атын әлемге танытып жүрген суретшілер аз емес. Солардың бірі - Абай, Шәкәрім дүниеге келген топырақта туған ұлылар елінің ұрпағы Елдос Азаматұлы. Ол жақында Франциядағы Мондиал арт- академиясының мүшелігіне қабылданған. Халықаралық бірнеше көрмелерге қатысқан, туындылары да шетелдіктердің сұранысында. Massaget.kz тілшісіне қылқалам шебері Елдос Азаматұлымен бейнелеу өнерінің жай-күйі, суретшілердің хал-ахуалы және суреттері туралы айтып берді.