Кез келген отбасыда "Алтын той" - мереке. Бұл қуанышқа жеткен жұптың балалары жақындарының арасында ұлан-асыр той жасап, өз қуанышын басқаларымен бөліседі. 50 жыл отау тігіп, бақытты отбасыға айналған жұптің бірі - Әбілқажы ата мен Күлшара апа. Алайда олар "алтын тойды" мейрамханада емес, оңалту орталығында атап өтуге мәжбүр болды. Оның өз себербі бар. Massaget.kz тілшісі ерекше той жасаған кейіпкерлермен сұхбаттасты.