Бүгінде атсейіс пен сайыпкерлер арасында 9 жастағы Хамза мен Жұмыртұяқтың есімдері ауыздан түспейді. бала кезден аламаннан топ жарып жүрген бала биыл Көшпенділер ойындарында да жүлделі 2-орынға ие болды. Анасының айтуынша, Хамза 9 жасында 9 көлік, 1 пәтер, 70-80 миллион теңге иелегніп үлгерген. Massaget.kz тілшісі ат құлағында ойнайтын баламен және оның анасы Динара ханыммен сұхбаттасты.