Оқиға 19 наурызда 343-тоқсан ауданында болған. Әйел 5-қабаттан құлағалы тұрған. Бей-жай қарамаған тұрғындар дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем жеткен. Алайда тұрғындардың ешқайсысы өтіп бара жатқан адамдарға да, полиция қызметкерлеріне де есік ашпағандықтан, подъезге кіре алмаған. Сол себепті оны құтқару да мүмкін болмаған.