Жарма ауданы Шуақ ауылындағы қазандықтар істен шығып, бір тұтас ауылдағы тұрғын үйлер жылусыз қалған. Қазіргі уақытта қазандықтың жұмысын қадағалау мақсатында Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Серік Төленбергенов Шуақ ауылына арнайы барып, жағдайды бақылауда ұстауда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.