Көкшетау қаласында бірнеше күн жауған жаңбыр шаһардың бірнеше аймағындағы атқарылған шаруаның шалағай жүргізілгенін көрсетіп берді. Әсіресе қаланың шеткері ауданының бірі жұрт арасында "Шанхай" аталатын Застанционный шағын ауданында су еденінің астына дейін келіп қалған тұрғындар қала билігіне наразылықтарын білдіруде, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.