Шымкентте жасөспірімнің анасы кәмелетке толмаған қызының жұмысы туралы сыныптасынан білген. 15 жастағы қыз қосымша ақша тапқысы келіп, боди-массаж жасауға келіскен, салдарынан анасы ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Шарасыз ана "Koremiz" бағдарламасына жүгініп, жағдайдың мән-жайын айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.