Бес жолаушының өміріне есірткіге масаю күйінде минивэн жүргізушісі қауіп төндірді. Құқық бұзушы жолаушыларды тасымалдаумен айналысып, марихуананы пайдаланып кезекті рейсін жасады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды облыстық патрульдік полиция батальонының 4-взводының қызметкерлері анықтады.