19 шілдеде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бурабай ауданының орман алқабында "Учаске" ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қонақ үйлердің бірінің жанынан маркасы мен нөмірі жоқ бір оқпанды мылтықтың кесіндісін, сондай-ақ оның 4 патронын тапты.