Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, 45 адам қаза тапты. Қаралы жағдайдың себебі газ метан жарылуы екені айтылды. Оқиға кезінде шахтада 252 адам болған. 205 кенші жер бетіне шығарылған. 29 қазанда Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Massaget.kz тілшісі шахта тиесілі "АрселорМиттал Теміртау" туралы не белгілі екеніне шолу жасады.