Кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін Ақтау әкімінің орынбасары 483 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамурайт Шәменов айтты.