Ақтөбе облысында 8 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатынан соң, бүгін тура сол жолда тағы екі адамның өмірі қиылды. Бұл жолы да минивенмен жүк көлігі бетпе бет соғылған. Екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ауыр жарақат алған әйел ұл-қызымен ауруханаға жеткізілді.