Ақтөбе облысы Алға ауданында мемлекеттен тегін берілетін 10 соттық жерге үй салған тұрғындар баспаналарына кіре алмай жүр. Себебі инфрақұрылымдық желілер тартылмаған. Бірнеше жылдан бері ауыз су мен электр жарығын күтіп шаршаған тұрғындар жанайқайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.