Ақтөбе қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта былтыр қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты сот талқылауы болды. Мемлекеттік айыптаушы Нұрсұлтан Исаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Тергеушілердің айтуынша, ол тәртіпсіздіктерге қатысып, екі полиция қызметкерін көлікпен қағып кеткен