Ақтөбеде 19 жастағы студент көпірдің астында асылып өлді. Ал бұл - кейінгі екі күнде тіркеліп отырған екінші оқиға. Күні кеше көршілерінің қорасында 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Екі жағдайда да туыстары әуелі оларға іздеу салып, кейін өлі күйінде тапқан.