Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның ұлының өліміне қатысты сот басталды. Алайда бұл процесте сотталушы жоқ. Себебі күдікті тергеу кезінде асылып өлген, бірақ оның туыстары марқұмның мұндай ауыр қылмыс жасағанына сенбейді. Сондықтан өзі бұл өмірде жоқ болса да, соттың өтуін талап етіп, ақталуын сұрап отыр.