Даниял Төлеуішов - Маңғыстау облысының тумасы. 24 жастағы Даниялдың түйе сүтінен жасалған ұлттық "Ақ дәм" тәттілер дүкені бар. Бұл кәсіппен бірнеше жылдан бері айналысып келе жатқан оның негізгі мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы Қазақстанның атын әлемдік брендте қалыптастыру. Massaget.kz тілшісі жас кәсіпкермен ұлттық өнімдерінің ерекшелігі, өндіру артықшылығы туралы сұхбаттасты.