Алматының орталығындағы "Чачапури" мейрамханасының жазғы террасасы заңсыз тұрғызылған. Қала тұрғындарының өтініші бойынша Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қала құрылысын бақылау басқармасы Абылай хан даңғылы, 107 мекенжайдағы тұрғын үйге қосалқы салынған нысанды және жазғы алаңға тексеру жүргізді.