Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада ВИЧ инфекциясын жұқтыру дерегіне қатысты тексерістің басталғанына бір айға жуықтаса да, нәтижесі әлі жоқ. Ал Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Астанадан арнайы жіберілген комиссия өз жұмысын жақын күндері аяқтайтынын мәлімдеді.