Алматы облысында 15 жастағы қызды пышақтап кетті. Оқиға Ұзынағаш ауылында болды. Полицияға таңғы алтылар шамасында қоңырау түскен. Жасөспірімге жас жігіт шабуыл жасағаны белгілі болды. Қыз дереу ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалды. Қазір дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп отыр.