Алматы облысында дүкенге балмұздақ алуға шыққан бір үйдің екі бірдей баласын көлік қағып мерт қылды. 14 жастағы Ақбота мен оның төрт жастағы сіңлісі Қазына кешқұрым уақытта жолдың арғы бетіне, жаяу жүргіншілерге тиесілі емес жерден өтпекші болған. "Мерседес" мінген ер адам қыздарды қатты жылдамдықпен келіп соғып, бірнеше метр жерге ұшырып жіберген. Екі бала оқиға орнында жан тапсырған.