Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арыз түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіт үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.