Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен үш жасар Айя-София табылмай жатыр. Полиция әліден адам өлтіру бабымен іс қозғап, күдіктіні қамауға алған. Бірақ ұсталған адамға қатысты ақпарат жария етілмеуде. Ауыл тұрғындары күдікті бүрдіршіннің туған анасы болуы мүмкін деген болжам жасады. Енді марқұмның денесін әскерилер мен полицейлер, еріктілер жабылып іздеп жатыр.