Алматыға күз келгелі қала тұрғындарын алаңдататын тағы бір мәселе - арық жүйесін реттеу. Күзде сарғайып, қураған жапырақ түсіп, арықта толып қалады. Ал еліміздің оңтүстік астанасына аптасына бірнеше рет жауын жауады. Тұрғындардың айтуынша, жапыраққа толған арық көп жағдайда суға толып қалып, тасып кетеді. Ал жауын суы асфальте жиналып, кейін ол опырылып қалуы мүмкін. Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр? Қала көшелеріндегі тазалыққа кім жауапты? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.