Алматыда маусымдық аллергиясы асқынғандар күрт өсті. Науқастар көп жағдайда көзі, мұрны мен тамағы қабынатынына шағымданады. Кем дегенде жылына бір рет дәрігерге қаралып, арнайы екпе жасататындар өзін әлсіз сезінеді екен. Жағдай әсіресе шілде мен қазан айларының аралығында өрши түседі.