Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "қара риэлторлардың" ҰҚТ қатысты іс бойынша сот процесі басталды. Барлығы 22 адам күдікке ілінді, олардың арасында психикалық денсаулық орталығының бұрынғы дәрігерлері, нотариустар, риэлторлар және такси жүргізушілері бар. Қылмыстық ұйымдасқан топ мүлкі бар психикалық ауытқулары бар жалғызбасты адамдарды тауып, оларды ұрлап, тұтқында ұстап, пәтерін заңсыз рәсімдеп, сатып отырған. Ал алаяқтардың екі құрбаны тіпті қасақана өлтірілген болуы мүмкін. Жантүршігерлік оқиғаның егжей-тегжейімен Massaget.kz тілшісі танысты.