Полиция департаментінің мәліметінше, 10 негізгі магистраль бойынша Алматы аумағына жұмыс күндері орта есеппен 400 мыңнан астам автомобиль кіреді. Облыстан қалаға кіретін қосымша 17 жолмен 300 мыңнан астам көлік келеді. Осылайша, Алматыға 700 мыңнан астам көлік кіреді, бұл шамамен қала халқының үштен бірі – 2,147 миллион адам. Бұл 2023 жылғы 6 қазанда жұма күні "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы көшелерді бақылау негізінде алынған деректер.