Әлеуметтік желіде такси жүргізушісімен сөз таластырып жатқан ер адамның видеосы тарады. Олар жол ақысына келісе алмай жатыр. Бірі әуежайдан Наурызбай ауданындағы үйге дейін жеткізгені үшін 40 000 теңге талап ету дұрыс емес десе, ал такси жүргізушісі бұл жердің қала сыртында, биік тауда орналасқанын айтқан.