Ауыз судың сапасына күмәнданған кейбір алматылықтар оны тазарту үшін үйлеріне сүзгі орнатады. Ал мұндай құрылғылардың бағасы нарықта әртүрлі, біреу үшін ол қиындық тудырмаса, енді басқасы үшін сән-салтанат. Мамандардың сөзінше, айына 200-300 Алматы тұрғыны ауыз суға сүзгі сатып алады. Мұның себебі неде? Алматылықтар неліктен тазаланған суды ішуге құмар? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.