Бірнеше сұлулық салоны, сән шоуларында дизайнерлермен жұмыс, косметика бренді, ресторан кәсібі - мұның бәрі бір әйел Әнел Әлімова туралы. Ол - алпауыт Америкаға бұдан екі жыл бұрын көшкен қазақ қызы. Арман, мақсат және жоспар әрекет етпей жүзеге аспайтынын Әнел Әлімова оқушы кезінен түсініп алған. Қазақстанда 15 жыл бизнеспен айналысқан кейіпкеріміз бүгінде АҚШ-қа көшіп, талай қазақстандыққа жұмыс ұсынып отыр. Massaget.kz тілшісі кейіпкермен 12 бизнесті қалай жүргізгені, 9 миллион теңге қарызынан қалай құтылғаны, АҚШ-қа қалай қоныс аударғаны, ол жақта кәсібін қалай дөңгелеткені туралы сұхбаттасты.