Бүгінде балам шығармашыл болсын деп бірінші үйірмеден екіншісіне сүйреп, бір минутын да бос қалдырмайтындар көп. Оған қоса қазіргі балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті жиі талқыланады. Дегенмен перзентімді болашақта табысты етемін деген ата-ана кейде тым артық кетіп, оның қызығушығын мүлде басып тастауы мүмкін. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі баланың шығармашылығын қалай дамыту керегін психолог Диана Ордағұловадан сұрады.