Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты мектептердің бірінде ауыл балалары құнарсыздана бастаған жерлердің құнарлылығын арттыруға тырысуда. Олар математика пәнінің мұғалімі әрі тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Зәмзәгүл Абдинамен бірге "Қазақстан жерлерінің құнарлылығына арналған вермимәдениет" жобасын қолға алған. Балалар калифорния құрттарын өсіріп биошірінділерді көбейтпек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.