Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы арық желісінің ұзындығы 1525 шақырымды құрайды, оның ішінде көше – 1220 шақырым, аула – 245 шақырым, саябақ – 60 шақырым). Оның 168 шақырымы ғана (11%) жасыл алқаптарды суаруға, 1208 шақырымы жауын-шашынға арналған дренаж ретінде пайдаланылады. 424 шақырымы жөндеуді қажет етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.