Кеше Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы финал жанжалмен басталған болатын. Дау әлеуметтік желідегі тез тарап, жұрттың қызу талқысына түсті. Оқиғаға қатысты Көкпар федерациясының президенті, мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров желідегі парақшасында пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.