Елордалық полицейлер 1 млн 762 мың теңге сомасында шығынды құрайтын алтын бұйымдар ұрлығын ашты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы ауданының ПБ қызметкерлері үйде бала күтуші болып жұмыс істеген 46 жастағы күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.