Астанада жедел жәрдем қызметкері бір ажалдан аман қалды. Шақыртуға келген фельдшерге ішімдікке сылқия тойып алған үйдің иесі тамағына пышақ тақап, қоқан-лоққы көрсеткен. Ал алғашқы көмекті "күйеуімнен зәбір көрдім" деген әйел шақырыпты. Отбасының шырқын бұзып, дәрігерлерге соқтығысқан 25 жастағы Астана тұрғыны бірден ұсталды.