Осыдан жарты жыл бұрын Астанада қазақстандықтарды бей-жай қалдырмаған қайғылы оқиға болды. Батыл өртсөндіруші Асқар Забикулин өрттен үш адамды алып шықты. Алайда өзін күйік шалып, ауруханада жан тапсырды. Асқар Забикулиннің әйелі Әнел батырдың отбасы қазір қалай өмір сүріп жатқанын айтты