"Ұстазым қол жүгіртті" деп мәлімдеме жасаған Астана медициналық университетінің студенті бүгінде өзге мұғалімдерден теперіш көріп жүр екен. 4-курс студенті "Университетте жүріп-тұруым мұң болды" дейді. Ұстаздың оғаш әрекетін көрген бір ғана студент емес екен, профессорға үстінен бірнеше студент полицияға арыз түсірген. Мән-жайды қазір полиция анықтап жатыр.