Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде тоқтату кранын жұлып алуына байланысты Атырау-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтаған. Оқиға салдарынан пойыз 12 минут тұрып қалған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.